Қазақстандықтар қатарына 15 мыңға жуық адам қосылмақ

Бүгін өткен ҚР президенті жанындағы азаматтық беру жөніндегі комиссияның отырысында тағы да 15 мыңға жуық адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алатыны белгілі болды.

«Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойғаннан кейін азаматтық алуға өтініш білдірген адамдар біздің отандастарымыз болып саналады. Жыл сайын қазақстандықтардың саны 100 мың адамға көбеюде, соңғы жеті жылда Қазақстанға 500 мыңға жуық оралман көшіп келді», — деді аталған комиссияның төрағасы, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев.