Украинада 250 тасбақа тәркіленді

Украина шекарашылары Өзбекстаннан аттанған поездан 250 тасбақаны тәркілегендерін хабарлады. Тасбақалар жексенбі күні кешке Ресей-Украина шекарасындағы тексеру барысында табылған. Олардың бәрі Харьков қаласындағы зоопаркке тапсырылды деп хабарланып отыр.