Ресей Иранның сайлау нәтижесін қолдады

Бүгін Ресей қазіргі президент Махмуд Ахмадинежадты билікке қайта әкелетін Иранның президенттік сайлау қортындысын қолдайтынын хабарлады.
Сыртқы істер министрлігі маусымның 12-де өткен дауыс берулерге қатысты дау-дамай Иранның Конституциясы негізінде ғана шешілуі керек деп мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме министрліктің вебсайтына дүйсенбі күні шыққан. Иран оппозициясын қолдаушылар сайлау әділетсіз өтті деп, жаңадан президенттік сайлаулар өткізуді талап етті.