Қазақстаннан есірткі тасымалдап жүрген адам Махачкалада қолға түсті

Дағыстан ІІМ -нің заңсыз есірткі айналымымен күрес бөлімінің қызметкерлері Махачкалада есірткі сатушыны ұстап, одан үш килограмм героин тәркілеген.

ІІМ –нің мәліметінше, Хасавюрт қаласының тұрғыны үш килограмм героинды миллион рубльге сатпақшы болған жерінен ұсталды, ол ұзақ уақыттан бері ұйымдасқан топтың құрамында Қазақстаннан есірткі тасымалдап жүрген.