Журналистер Одағының сыйлығына Азаттық тілшісі де ие болды

Қазақстан Журналистер одағы басқармасы республикалық шығармашылық байқаудың қорытындысын жариялап, Журналистер одағының 2009 жылғы сыйлығының иегерлерін анықтады.

«Репортерлық жұмыс» аталымы бойыншы сыйлық - Азаттық радиосы тәжік қызметінің тілшісі Амонбоев Насибжон мен «Интерфакс – Казахстан» агенттігі Астана бөлімінің меңгерушісі Васильченко Вадимге;

«Экономикалық шолу» аталымы «Хабар – Жер» бағдарламасының продюсері Бисалиева Қарлығаш, «Қазақстан - ZAMAN» газетінің тілшісі Бүркітбайұлы Бейбітбек пен Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің редакторы Дәрелов Таңатарға;

«Саяси шолу» аталымы «Время» газетінің шолушысы Мекебаев Сапа мен «Астана ақшамы» газетінің бөлім меңгерушісі Қайратұлы Бекенге;

«Журналистік зерттеу» аталымы ҚазТАГ тілшісі Аркин Дилярам мен «Караван» газеті жаңалықтар бөлімінің меңгерушісі Мыскина Александраға;

«Зерттеу материалы» аталымы «Огни Алатау» газетінің редакторы Идигов Атсалим мен журналист Өтешева Әлипаға;

«Ғылыми-зерттеу жұмысы» аталымы Әшімбаев Данияр мен Хлюпин Виталийге;

«Телевизиядағы жұмыс» аталымы «КТК» телеарнасының тілшісі Дробязко Евгенияға, бас редактор Хасенова Күлімханға және режиссер Есенаманов Қанатқа;

«Фотожұмыс» аталымы фотограф Постников Николай мен ақын Қайырбеков Бақытқа;

«Спорт шолуы» аталымы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Тайжан Бақтияр мен «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Лифинцев Юрийге;

«Медиа – жоба» аталымы «Панорама» газеті бас редакторының орынбасары Әукенов Асқар мен - «ҚазАқпарат» баспасының президенті Ботбай Қонысбекке берілді.

Сонымен қатар бірқатар журналистер «Қазақстанның құрметті журналисі» белгісіне ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.