Жетімдер үйінің балаларына мал жейтін тары берілген

Владивостоктағы №4 жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне малдың жеміне ғана жарайтын тары берілген. Россельхознадзор органдары жүргізген тексерулер балаларға тамақ ретінде берілген тарыны құрт басып кеткенін анықтаған, — деп хабарлайды РБК.

Жетімдер үйінің әкімшілігі бұл тарының қайдан келгені туралы түсінік бере алмауда, тарыны қайда және кім дайындағаны туралы ешқандай мәлімет пен оның сапасы жөнінде құжаттары жоқ.