Бағдадтағы жарылыстан 11 кісі қаза тапты

Бүгін Бағдадтың орталығындағы көлік базарында орын алған бомба жарылысынан 11 адам қаза тауып, тағы 46 кісі жарақат алды.
Полицияның хабарлауынша, жарылғыш зат базардағы мотоциклге қойылған. Бұл шабуыл АҚШ күштерінің Ирақтан шығарыла бастайтын айдың соңына бірер күн қалғанда болып отыр.
Сәрсенбі күні Бағдадтың шииттер көп тұратын аймағында бомба жарылысы 70-тен аса адамның өмірін қиды.
Ирақтағы осындай толастамай отырған шабуылдардан кейін ирақтың қауіпсіздік күштері бүлікшілермен күресе ала ма деген сауал туып отыр.