Қазақстан азаматтарын қылмыстан сақтандыру жүйесін енгізуі мүмкін

Қазақстанда азаматтарды қылмыстан сақтандыру жүйесін енгізe мәселеcі ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен құқық қорғау мекемелерінің үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісінде талқыға түсті.

Алдағы уақытта түрлі қылмыстардан зардап шеккен адамдардың құқықтарын қорғау, шығынын қайтару үшін заңгерлер аталған мәселелерді шетелдік тәжірибеге сүйене отырып жетілдірмек.

Сонымен бірге бұл кеңесте азаматтардан заңсыздықтарға қатысты ақпарат алу, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алу барысында әлі де кемшіліктердің көп екендігіне назар аударылды.