Иран: Британия елшілігінің 5 қызметкері босатылды

Иран ресмилерінің хабарлауынша, Теһрандағы Британия елшілігінің қамауға алынған 9 қызметкерінің бесеуі босатылды. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хассан Қашқавидің сөзіне қарағанда, қалған төртеуі сұраққа алынып жатыр. Британия елшілігінің қызметкерлері елдегі маусымның 12-дегі президенттік сайлаудан кейін орын алған шерулерге қатысы бар деген айыптаулармен қамауға алынған болатын.
Лондон ол айыптарды жоққа шығарды. Қашқави Иранның шетелдік елшіліктерді жабу жөнінде әзірге жоспары жоқ деп айтты.