Иран полициясы Теһранда тыныштықты қадағалауда

Сақшылар кеңесі дүйсенбіде президент Махмуд Ахмадинежадтың жеңісін тағы да растаған болатын. Кеңестің мәлімдеуінше, 12-маусымдағы сайлауда заң бұзушылықтар орын алды, деген реформашыл үміткерлер талабы анықталмады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның айтуынша, Иран басшылығы әлі де ішкі оппозициялық қарсылыққа тап болуы мүмкін.