АҚШ пен Ауғанстан әскерилері тәліптерге қарсы шабуылдауда

АҚШ әскерилері ауғандық жауынгерлермен бірлесіп, Ауғанстанның оңтүстігінде «Талибан» қозғалысына қарсы ірі операцияға кірісіп кетті.

Пентагонның мәліметінше, Гильменд провинциясындағы шабуылға АҚШ-тың 4 мыңдай теңіз жаяу әскері мен ауғанның 650 сарбазы жұмылдырылған.

Бұл ауған жауынгерлерінің әрекетіне қатысты АҚШ президенті жариялаған жаңа стратегиядан бергі тәліптерге қарсы жасалған ең ірі операция болды.