Ресей мен Грузия өкілдерінің келіссөзі тағы жалғасады

Халықаралық арағайындықпен Кавказ аймағында тұрақтылық орнату жөніндегі келіссөздер осы айдың соңында және қыркүйекте тағы жалғасатын болады.

Бұл туралы сәрсенбі күні Женевада кездескен Ресей-Грузия өкілдерінің 6-шы қауіпсіздік келіссөздерінен кейін айтылды.
Екі ел арасындағы мұндай келіссөздердің мақсаты - өткен жылы тамызда болған қарулы қақтығыстың қайтадан орын алуына жол бермеу болып отыр.

Швейцариядағы кездесу ЕҚЫҰ, Еуропа Одағы және БҰҰ-ның арағайындық ықпалымен өтті.