Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының бастығы Сұлтан Ноғаев пара алды деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

«Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің төрағасы Сұлтан Ноғаевтың пара алды деген күдіпен ұсталғаны туралы ақпаратты растаймыз. Бұл оқиғаны біз қаржы полициясы органдарының қаржы полициясының қызметкері деген атаққа кір келтірген қызметкерден тазару дерегі ретінде қарастырамыз», —делінген хабарламада.

Сұлтан Ноғаев облыстық қаржы полициясының бастығы қызметіне өткен жылы тағайындалған еді. Оған дейін Маңғыстау облысында дәл осы департаментті басқарған, 1998 жылдан бастап президент әкімшілігінде жұмыс істеген.

56 жастағы Сұлтан Ноғаев Түркіменстанның Красноводск облысында туған, Қазақ политехникалық институтын тау инженері мамандығы бойынша және Алматы жоғарғы партия мектебін тәмамдаған.