Үрімжіде жүздеген ұйғыр шеру өткізді

Хабарларға қарағанда, Қытайдың Үрімжі қаласында сойылмен қаруланған жүздеген адам шеру өткізді.

Бұл наразылық шарасы өткен жексенбі күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиясындағы этникалық ұйғырлар көтерілісінде 156 адам қаза тауып, 800 кісі жараланған оқиғадан кейін болып отыр.

Полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Бүгін таңертең 200-дей ұйғыр шерушілері жиналып, жексенбі күнгі көтеріліске қатысы бар деп 1,400 адамның қамауға алынғанына наразылық танытты.