Ресей ЕҚЫҰ-ның Гитлер мен Сталинді теңестіретін қарарын сынады

Бүгін Ресейлік заңшығарушылар Екінші дүниежүзілік соғысты бастауда Германия мен Совет Одағының атқарған рөлін теңестірген еуропалық қарарға қарсылық танытты.

ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы өткен аптада бұл қарарды қабылдай келе, 23-ші тамызды сталинизм мен фашизм құрбандарын еске алу күні деп белгілеуге шақырған болатын.

1939 жылдың бұл күнінде Совет одағы мен Германия шығыс еуропаны өзара бөліп алу жөніндегі құпия құжатқа қол қойған.