Медведев алдағы аптада Германияға барады

Ресей президенті Дмитрий Медведев алдағы аптада Германияға барып, канцлер Ангела Меркельмен кездеседі.

Германия үкіметінің хабарлауынша, екі жетекші шілденің 16-ы күні Мюнхенде кездеседі. Ол кездесуде ғаламдық экономикалық дағдарыс пен климаттың жылынуына қарсы күрес мәселелері көтеріледі.

Германия мен Ресей министрлері өзара кездесулерінде осы тақырыптарды қамтитын болады.