Өзбекстандағы ең төменгі жалақы 23 доллар болады

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың жарлығымен 1 тамыздан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы, шәкіртақы және басқа әлеуметтік төлемдер 1,25 есеге көбейеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен Өзбекстандағы ең төменгі жалақы тамыз айынан бастап, 33645 сум болады (шамамен 23 доллар), жасына байланысты төленетін ең төменгі зейнетақы 6666 сум (шамамен 44 доллардай) болмақ.

Ең соңғы рет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2008 жылдың 16 қарашасы күні 1,12 есеге көбейген.