Пәкістан Суат жазығының босқындары үйлеріне оралады деді

Пәкістан премьер-министрі елдің солтүстік-батысындағы Талибан жасақтарына қарсы операциялардан қорғанып, босып кеткен 2 млн-дай адам алдағы аптада үйлеріне оралады деп мәлімдеді.
Юсуф Раза Гиланидің сөзіне қарағанда, халықтың қауіпсіздігі үшін бұл аймақта әскерилер қалатын болады.

Бүгінгі мәлімдеулер БҰҰ-ның Бас хатшысы жанындағы қайырымдылық істер жөніндегі өкіл Джон Холмстың халық көшіп кеткен аймақты аралап, Пәкістан жұрттың жағдайын қалпына келтіріп, елдің үйіне оралуын қамтамасыз етуі керек деген соң айтылып отыр.