АҚШ делегациясы Бішкекте келіссөз өткізіп қайтты

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Уильям Бернс бастаған делегация Бішкекке барған 2 күндік сапарын аяқтады. Сенбі күні Бернс қырғыз президенті Құрманбек Бәкиевпен келіссөз өткізіп, оның барысында Орта Азия мен Ауғанстанның қауіпсіздігі проблемалары, сондай-ақ АҚШ пен Қырғызстанның сауда-экономикалық қарым-қатынасы мәселелерін талқылады.
АҚШ дипломаты Американың Ауғанстандағы халықаралық күштерге арналған әскери емес жүктерінің қырғыз жері арқылы транзиті туралы келісімге қол қойғаны үшін ресми Бішкекке президент Барак Обаманың атынан алғыс айтты.