Дағыстанда әскерилерге тасадан шабуыл жасалды

Дағыстанда әскери автокеруен атқыланып, ішкі әскерлердің 4 жауынгері жараланды. «Интерфакс» агенттігіне Буйнак аудандық ішкі істер бөлімінен хабарланғандай, беймәлім қаскүнемдер автокеруенге Карамахи ауылының шетінде тасадан оқ жаудырған.
Қаскүнемдер тоғайдың ішіне бас сауғалап үлгеріп, қазір оларды іздестеру үстінде.