Еуропарламентке польшалық президент сайланады

Бүгін Еуропа парламенті бірінші рет бұрынғы коммунист елден өзіне президент сайламақшы. Сайлауға Польшаның бұрынғы консерватив премьер-министрі Ежи Бузек түсіп отыр.

736 орындық Еуропарламентте консервативтер, социалистер және либералды блоктар бірігіп 533 орынды иеленген.
Үш бірдей блоктың қолдауын алып отырған Бузек Еуропа парламентін 2011 жылға дейін басқарады.