Бүгін Қазақстандағы Ядролық физика институтының құрылған күні

1957 жылы 16 шілде күні Қазақстан ҰҒА-ның Ядролық физика институты (ЯФИ) құрылды.

Сол кездегі ҚазКСР ҒА Физика-техникалық институтының негізінде жасақталған бұл институт ядролық физика саласындағы физикалық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту мен атом энергиясын халық шаруашылығының түрлі салаларында қолдану қажеттігіне жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында құрылған.