Ресей президенті Германия канцлерімен кездесті

Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев Германия канцлері Ангела Меркелмен ғаламдық экономикалық дағдарыс туралы келіссөздер өткізуде.

Олардың кездесуі Мюнхеннің сыртындағы Шляйсхайм сарайында өтеді. Олар сондай-ақ бірқатар халықаралық мәселелер бойынша сөйлеседі.

Бұл келіссөздер екі жетекшінің Италияда өткен Үлкен сегіздік саммитінде кездескеннен кейін болып отыр.