Түркменстан мен Әзірбайжан Каспий шекарасын талқылауда

Бүгін Түркменстан сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, түркмен және әзірбайжан сыртқы істер министрлері Каспий теңізінің шекарасын анықтау жөніндегі келіссөздерін бастады.

Бұл келіссөздер Еуропаға газ жеткізетін Батыстың қолдауындағы Набукко құбыржобасының келешегін көтеруді қарастырады.

Бүгінгі келіссөздер Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз елі жоспарлы құбыр жолына табиғи газ беруге дайындығын айтқан соң болып отыр.

Бакудегі келіссөздер сонымен қатар газ тасымалдау, балық аулау және қоршаған орта мәселелерін де талқылайды.