Лондон Ситидің лорд-мэрі Қазақстанға келеді

Бүгін Қазақстанға Лондон Ситидің лорд-мэрі Иэн Лудер келеді, — деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Шілденің 25-не дейін созылатын сапар барысында И. Лудер Қазақстанның бірқатар ресми тұлғаларымен кездеседі. Сондай-ақ сапар шеңберінде Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіп кеңесінің кезекті отырысын өткізу жоспарланған.