Банкоматтан 200 мыңнан аса доллар ұрлаған күдікті азамат ұсталды

Қарағанды облысында бірнеше қаланың банкоматынан 200 мың АҚШ долларынан астам ақша ұрлап алған Қазақстан азаматы ұсталды, — деп хабарлайды Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Оның айтуынша, қолға түскен азамат бұл ақшаға Қарағандыдан 70 мың доллар тұратын үй мен 19, 5 млн. теңгеге «Мерседес Бенц - 500 GL» көлігін сатып алып үлгерген.