AzattyqTV Шаңырақта тапа тал түсте бес үй қиратылды 24 шілде 2009 жыл, 12:41 Алматы маңындағы Шаңырақ елдімекенінде заңсыз салынған деп танылған бес үй бұзылды. Бұған наразы болған жүздеген адам көше бөгеді. Аудан әкімі мәселені тексереміз деп уәде берген соң, жұрт үйілеріне тарқады.