Су Чжидің соты Янгонда дүйсенбіде жалғасады

Бүгін Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжидің соты болып, оның адвокаттары сот процесіне ақырғы дәлелдерін алға тартты.

Енді сот отырысы дүйсенбіде жалғасып, онда прокурор өздерінің айғақтарын ұсынады.

Нобель сыйлығының иегері 64 жасар Су Чжи үйқамақ тәртібін бұзды деген айыппен сотқа тартылған. Мамыр айында оның үйіне шақырылмаған американдық қонақ келген соң, Су Чжи үйқамақ тәртібін бұзды деген айыппен қамауға алынған.

Енді ол айыпты деп табылса, 5 жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Су Чжи соңғы 13 жылын қамауда өткізді.