Ресейде жол апатынан 21 адам қаза тапты

Ресейдің Ростов аймағында жол апатынан 21 адамның өмірі қиылды. Құрбан болғандардың ішінде балалар да бар.

Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар автобусы жанармай таситын көлікпен соғысып қалған. Бұл осы аптада Ресейде адам шығынын әкелген екінші автобус апаты болды.

Таяу күндері Ресейдің Новосибирск қаласында автобус апатқа ұшырап, сегіз адамның өмірін әкеткен.