Пәкістан Суат жазығында 21 тәліптің көзін жойды

Пәкістан үкіметі бірнеше қарулы қақтығыстар барысында «Талибан» қозғалысының 21 жауынгерінің көзін жойған және үкімет әскерінің бір жауынгері қаза тапқан, — деп хабарлайды Associated Press.

Ауғанстанмен шекарада орын алған ең ірі қақтығыс кезінде шекарашы жауынгерлер 16 тәліптің көзін жойған. Суат жазығында болған ұрыстарда бес жауынгер өлтіріліп, 10 адам тұтқынға алынған.

Екі ай бойы Пәкістан армиясы елдің Суат жазығына бекініп алған «Талибан» қозғалысының жауынгерлеріне қарсы әскери операция жүргізуде. Үкімет әскерлерінің қарулы шабуылдарының барысында аталған аумақ тәлібтерден тазартылып, 1,3 мыңдай «талибандықтың» көзі жойылған.

Әскери әрекеттердің салдарынан Суат жазығы мен оған жақын маңдағы аудандардың 2 миллиондай бейбіт тұрғыны баспаналарын тастап кеткен, халықаралық гуманитарлық ұйымдар бұл жағдайда алаңдаушылық білдіріп отыр.