Айнұр Құрманов тағы да билік алдында айыпты болды

Бүгін Алматыда «Талмас» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Айнур Құрманов ұсталып, полиция оған әкімшілік сотқа шақыру құжатын тапсырды. Ол туралы біздің жергілікті тілшіміз хабарлады.
А.Құрмановтың сөзіне қарағанда, оған республика үкіметін таратуды талап еткен петициясын Алматы қаласының әкімі арқылы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсыру мақсатымен 22 шілде күні рұқсат етілмеген ереуіл өткізді деген айып тағылып отыр.
«Талмас» қозғалысының жетекшісі осыған дейін де талай рет әкімшілік жазаға тартылды, оның ішінде өткен жылдың желтоқсан айында рұқсат етілмеген ереуіл өткізгені үшін 15 тәулікке абақтыға жабылды.