БҰҰ Әзірбайжанды сынады

БҰҰ Әзірбайжанды тәуелсіз газеттер мен блогшыларды қудалауына байланысты сынады. Жұма күні жарияланған баяндамасында БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комитеті Әзірбайжанда баспасөз еркіндігіне енгізілген шектеулерге байланысты алаңдаушылық танытты.

Женевада орналасқан комитет оппозициялық блогшылар – Аднан Хаджизаде мен Эмин Миллидің өткен айда қамауға алынғандығын айыптап отыр.