Ауғанстанда НАТО-ның екі сарбазы мерт болды

Ауғанстанда НАТО-ның 2 сарбазы құрбан болды. Олардың көлігі өтіп бара жатқан кезде бомба жарылды. Сенбі күні қаза тапқан НАТО әскерилерінің азаматтығы айтылмады.

Шілде айында Ауғанстанда шетел күштерінің кемінде 71 мүшесі мерт болды.