Жетіген-Қорғас теміржол бөлігінің құрылысы басталады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің Алматыдағы резиденциясында Ұлттық банктің есебін тыңдап, Қытайға екінші шекаралық өткел ашатын Жетіген-Қорғас теміржол бөлігі құрылысының басталуына қатысады, — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Аталмыш теміржол тармағы Қытайдан Орталық Азияға, одан Еуропаға жүк тасымалдаудың ең қысқа жолы болады. Теміржолдың ұзындығы 298,4 шақырым, оның бойында 4 аралық станция мен 10 разъезд болады, бұл жобаның жүзеге асу құны 769 млн. доллар. Жетіген-Қорғас теміржолы арқылы жылына 30 млн тоннадан астам жүк өткізіледі.

Ал түстен кейін мемлекет басшысы Алматы облысының аудандарын аралап, теміржол көлігі мен әлеуметтік саладағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуымен танысады.