Қытай өкпе обасы шыққан қаласын жауып тастады

Қытай үкіметі өкпе обасының шығуына байланысты солтүстік батысындағы Цинхай провинциясының Цзыкэтань қаласын карантинге жауып тастады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Цзыкэтань қаласында өлім қаупін тудыратын ауыр өкпе обасынан екі адам қаза болған, 10 адамға осы диагноз қойылған. Бұл ауруды басты таратушылар кеміргіштер мен қанмен қоректенетін жәндіктер.