Ауғанстандағы жарылыстан 12 кісі қаза тапты

Ауғанстанның батысындағы полиция керуеніне қарсы шабуылдан кемінде 12 адам қаза болса, олардың көбісін бейбіт тұрғындар құрады.

Херат провинциясының полиция басшысы хабарлағандай, бұл жарылыстан тағы 20 кісі жарақат алған.

Хабарларға қарағанда, Херат аймағындағы бұл бомба жарылысы алыстан басқарылған.

Ауғандықтар тамыздың 20-сында президенттік сайлау өткізуге дайындалып жатқанда, талибан бүлікшілерінің шабуылы тоқтамай отыр.