Қазақстан Литваға мұрағат деректерін жеткізіп бермек

Қазақстан 40-жылдары депортация жасалған литвалықтар туралы мұрағат деректерін Литваға жеткізіп бермек, — деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Өткен аптада Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров пен Қазақстандағы Литва елшілігінің министр-кеңесшісі Антанас Петраускас кездесті.

Кездесуде тараптар екі елдің мұрағаттық ынтымақтастық мәселесін талқылап, Қазақстан мен Литва мұрағаттарынан құжаттар мен олардың көшірмесін беру туралы келісімге келді.