Мәскеуде ТМД мен ҰҚШҰ өкілдері бас қоспақ

Мәскеуде 10-тамыз күні ТМД-ға мүше мемлекеттер мен ҰҚШҰ Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары басталады. Онда БҰҰ Бас Ассамблеясы 64- сессиясының күн тәртібі жөнінде келісімдер жасалмақ.

Сонымен қатар 64- сессияның басым бағыттары, БҰҰ Реформасы, адам құқы мәселесі, Ауғанстандағы жағдай, Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы, БҰҰ органдарын сайлау сияқты мәселелерді қарау жоспарлануда.