Ақмола облысында екінші радиостанция ашылды

Ақмола облысының Державинcк қаласында радиостанция ашылды. Бұл осы облыстағы екінші радиостанция, алғашқысы Атбасар қаласында 2003 жылы ашылған.

«Жергілікті жаңалықтар, жарнама мен құттықтаулар — бұлардың бәрі адамдарға қажет. Тұрғындарға әсіресе қажеттісі жаңалықтар мен құттықтаулар, болашақта телеарнамызды да ашқымыз келеді, біздің бұл бастамамызды аудан әкімі де қолдайды», — дейді радиостанция директоры Еркін Сыздықов.

Директордың мәліметінше, бұл радионы Жарқайың ауданының тұрғындары 100.8 FM жиілігінен тыңдай алады және бұл радио ұялы телефон арқылы да қызмет көрсете алады.