НАТО-ның жаңа бас хатшысы Ауғанстанға барды

НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен әскери альянстың жаңа басшысы ретінде алғашқы сапарымен Ауғанстанға барды.

НАТО-ның мәлімдемесіне қарағанда, ол президент Хамид Қарзаймен және басқа да ресми өкілдермен кездеседі.

Және Расмуссен Ауғанстандағы НАТО бастаған халықаралық бітімгершілік күштердің қолбасшысы Стэнлей МакКристалмен осы жердегі күштермен кездеспекші.