ЕуроОдақ Иранды өлім жазасына тыйым салуға шақырды

Еуропа Одағы таяуда Иранда 24 адамның дарға асылғанын айыптады. Бейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде ЕуроОдақ Иранда өлім жазасының кең көлемде қолданылуына алаңдаушылық танытқан.

Шілденің 30-да Караж қаласында есірткі тасымалымен айналысқан 24 адам дарға асылған болатын. Еуропа Одағы Иран билігін өлім жазасына мораторий жариялап, тыйым салуға шақырды.