Түркия мен Ресей газ келісіміне қол қойды

Анкара Қара теңіздегі Түркия суларында Оңтүстік ағымы газ құбырының салынуына қатысты Ресейдің зерттеу жұмыстарын бастауына мұрсат берді. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, осы жөніндегі келісімге бейсенбі күні қол қойылған.

Ресей премьер-министрі Владимир Путин энергетикалық ынтымақтастықты нығайту үшін Түркияға біркүндік сапармен барған болатын.

Ресей осы Оңтүстік ағымы газ құбыры жобасын Еуропаға жаңа газ тасымалы жолы ретінде алға тартып жүр.