АҚШ күштері Талибанға қарсы операциясын бастады

АҚШ әскерилері Ауғанстанның оңтүстігінде Талибан бүлікшілеріне қарсы шабуылдарын бастады. Бұл операцияның мақсаты алдағы аптада өтетін президент сайлауына Талибанның кедергі жасауының алдын алу дейді АҚШ өкілдері.

Хелманд өлкесінің Наузыд ауданында АҚШ-тың 400 жауынгері мен 100 ауған сарбазы орналастырылды.