НАТО басшысы Косовоға бармақ

НАТО-ның жаңа бас хатшысы алғашқы ресми сапармен бейсенбі күні Косовоға барады. Андерс Фог Расмуссен президент Фатмир Сейдиумен және премьер-министр Хашим Тачимен сондай-ақ НАТО бітімгершілік миссиясының басшысымен кездеспек.

Осы айда өз қызметіне кіріскен Расмуссен Косоводағы бітімгершілік күштерінің санын біртіндеп азайту немесе оларды толық шығару өзінің басты мақсаттарының бірі екенін айтқан болатын.