Пәкістанда тәліптермен қақтығыста 70 шақты адам құрбан болды

Пәкістанда тәліптер мен үкіметтік күш құрылымдары арасындағы қақтығыста 70 шақты адам құрбан болып, ондаған үйлер қираған.

Пәкістан барлаушыларының хабарлауынша, Ауғанстанмен шекаралас Оңтүстік Вазиристан провинциясында 300-ге жуық тәліптер әскерилерге бірнеше сағат бойы қарсылық көрсеткен. Пәкістанның әскери тікұшақтары оларды әуеден атқылаған.