Ауған сайлауларына талибан қаупі күшеюде

Талибан күштері Ауғанстанда бейсенбі күні өтетін президенттік сайлауға қарсы қаупін күшейтіп отыр.

Талибандар таратқан мәлімдемеде, “Барлық мужахедтер осыған дейін өздеріне берілген бағдарлама негізіндегі жоспарларын жауларына қарсы бағыттасын” делінген.

Бұл ауған сайлауына қауіп тудырған хабарлама, АҚШ әскерилерінің өкілі Кабулдағы президенттік сарай жанына екі миномет орналастырғанын айтқан соң айтылуда.