Ауған үкіметі сайлауда қақтығыс жайлы хабар таратпауды сұрады

Бүгін ауған үкіметі жергілікті және халықаралық ақпарат құралдарын бейсенбі күнгі сайлаулар кезінде хабар таратуды тоқтата тұруға шақырды.

Үкіметтің мәлімдемесі тамыздың 20-сы болатын сайлау күні таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін қақтығыстар туралы хабар бермеуді сұрап отыр.

Бұл мәлімдеме жарияланған соң Ауғанстан президентнің өкілі Хумайын Хамидзаде журналистерге, шабуылдар қаупіне қарамастан, орталық үкімет ауғандықтардың дауыс беруге келуді қалайтынына сенімді деді.