Ауған полициясы: Кабулда 3 қарулы адам өлтірілді

Ауған полициясы Кабулдағы бір банкке шабуылдаған 3 қарулы адамды өлтіргендерін хабарлады.

Ауғанстанда бейсенбі күні президент сайлауы өтеді. Сәрсенбі күні таңертең бүлікшілер Паштани банкін басып алып, бірнеше сағат бойы полициямен қақтығысты. Талибан баспасөз хатшысы бұл рейдті 5 жауынгерінің жүргізгенін айтып отыр.

Ауғанстан астанасында соңғы 5 күн ішінде осымен үшінші шабуыл жасалды. Бұдан бұрын Талибан президент сайлауына кедергі жасаймыз деп айтқан болатын.