Алматыда заңсыз жұмыс істеген 56 ойын мекемесі жабылған

Алматыда жыл басынан бері 56 заңсыз ойын мекемесі жабылған, — деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Бүгін түнде қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен заңсыз ойын мекемесі жабылды, бұл жыл басынан бергі жабылып отырған 56-шы мекеме», — делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстанда 2007 жылдың сәуір айынан бері «Ойын бизнесі туралы» заң қолданыста. Бұл заң бойынша казинолар мен ойын залдары тек қана Ақмола облысындағы Бурабай демалыс аймағындағы Щучинск қаласында және Алматының Қапшағай қаласында орналасуға тиіс. Ал басқа жерлердегі ойын залдары мен казинолардың жұмыс істеуі заңсыз деп есептеледі.