Ауған сайлау комиссиясы үміткерлерді шыдамдылыққа шақырды

Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясы президенттіктен үміткерлерді шыдамдылыққа шақырды. Комиссия басшысының орынбасары Зекрия Баракзайдың мәлімдеуінше, сайлау қорытындыларын жариялау комиссияның жұмысы боп табылады.

Президент сайлауына түскен негізгі үміткерлер Хамид Қарзай мен Абдулла Абдулланың қолдаушылары бейсенбі күнгі дауыс берулерде жеңіске жеткендерін мәлімдеген болатын.